Махаббат химиясы
Естілгенінде қоңыраудың сыңғыры, Сыныпқа кіре бастадық. Ашылғаныменен махабаттың шын гүлі, Кітапты бірақ ашпадық. Жас химиктер деп бастады ұстазым, Үй жұмысын тұспалдап. Бәріне де қолымды сермеп тастадым, Бірақ та білім құтқармақ. Мас болдым ба, неге ғашық боп қалдым, Реакция жүріп кеудемде. Қышқылға күйіп, сойылы тиіп шоқпардың, Жарамай қалдым емдеуге. Денем бытырап атомдарға да ұп-ұсақ, Магниттейін тартылдым. Кейбір қымбат элементтерге ұқсап, Келмейді бірақ сарқылғым. Саф алтыннан сүйгендер мүсін ойған да, Мендейлердің кезі кеп. Екеумізді бір периодқа қойған ба? Менделеевтің өзі кеп. Тотыққанымда махаббаттың буына, Қайтемін қалсаң ұнатпай. Сені сүйгенде кетпессің менен суына, Сырт бермегін сынаптай. Домна пешіне әдейі құлап қалып ем, Шала сезімді пісіріп. Ақылға келдім ұстазды ұнатқаныммен, Бала екенімді түсініп...
| |
Просмотров: 818 | |