Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Болшы сен жанымда
Арайлап таң күліп атқанда.
Алаулап күндерім батқанда.
Бұлбұлдар әуенге салғанда.
Сүйіктім,болшы сен жанымда.

Самал жел самайдан өпкенде.
Ақ бұлыт нөсерін төккенде.
Аңсған арманға жеткенде.
Сүйіктім болшы сен жанымда.

Ақ гүлдер бүршігін ашқанда.
Түн келіп,ай нұрын шашқанда.
Жұлдыздар аспанды басқанда.
Сүйіктім болшы сен жанымда.

Жүректі басқанда қаяу мұң.
Күйіне түскенде жаяудың.
Қиындық алдымнан шыққанда.
Болшы сен жанымда аяулым.
 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 871 | Рейтинг: 0.0/0