Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Сен мені,мен сені...
Өмір жылжып өтуде,уақыт сырғып.
Қосылмадық амал не бұлда шындық.
Қасыңа мен,сен қасыма таяғанда,
Менмендіктен асалмай алыс тұрдық!

Екеумізде тәкапар биік пенде,
Деп айтамыз ренжісек "маған теңбе?"
Байқаусызда кез келсек көрмегендей,
Мен боламын,көрмегендей болғандай мына сенде!

Амал нешік осылай жырақтаймыз,
Мүлде бөлек бөтен жанға тұрақтаймыз.
Бұл өмірде сол бөтенді сен мені,
Мен сені ұнатқандай бірақта ұнатпаймыз!

Жұмыс,оқу алдайды күйбеңімен,
Естен шығар жүрекке түйгенімен.
"Сүймеймін" деп алдаймыз екі сөйлеп,
СЕН МЕНІ,МЕН СЕНІ сүйгенімен!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 826 | Рейтинг: 0.0/0