Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Ұмыт
Сен жоқсың сәулем.
Сен жоқсың енді кеудемде.
Сабырым бітіп,
Сезімім өшкен сенделме.
Жақындау саған арманым болған бір күні.
Салқындау самал ұрлаушы ед сонда күлкімді.
Сан ойлар семіп сол кезде ғазиз кеудеме.
Құйылушы еді көмейден әсем жыр түрлі.
Сен жоқсың бірақ
Сен жоқсың енді көңілде.
Тас болып жүрек айналған қара темірге.
Балқыту үшін тас болып қатқан жүректі.
Тонналап жаққан жетпейді ''кокс көмірде''.
Дос болу ма?
Жоқ,келмейді менің қолымнан.
Ере де қойман әсте мен енді соңыңнан.
Бәріне сілтеп құлаштап бір ақ қолымды.
Бақытты тосам ендігі өмір жолымнан.
Сен енді жоқсың.
Іздемен енді жүректен.
Сезімді көміп тастағам жерге күрекпен.
Сағыныш оты?!
Сағыныш отын жауындай
Көз жасын төгіп сөндіргем қалқам жүректен.
Бір қуыс кеуде.
Мен енді пенде сезімсіз.
Сырымды ашпай өткізем күнді тегі үнсіз.
Керегі қанша жалған махаббат сенімсіз?
Күмән мен өткен күндерден артық сірә да.
Өткізген өмір сыңарсыз,жұпсыз,егізсіз!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 748 | Рейтинг: 0.0/0