Ренжімеймін өзгелерге сендей тағы сүймесе
Ренжімеймін өзгелерге сендей тағы сүймесе, Сезімнің от жалынына сен секілді күймесе, Құрбан еттің білем бәрін, бірақ өмір осындай, Жазалама жүрегімді егер сені сүймесе. Ренжімеймін басқаларға сендей мені ұқпаса Батыл да болып жүре алмаса, қадамдарын нық баса, Менімен жұтқан мұңлы шерді сен секілді жұтпаса Асылым деп зорға балап, мені ардақ тұтпаса. Өзіңдей көріп, жаны ашып, қайғымды тең бөлмесе, Сен көре алған мұңды мына жанарымнан көрмесе, Тіпті мейлі, өкініш кеп тар кеудемді кернесе, Ренжімеймін...ренжімеймін сөздеріме сенбесе. Қара түнде, ұйықтар алды мені ойлап жатпаса, "Кетіселік" десем сөзімді қарсылықсыз құптаса, Ашуланған сәттерімде "сүйем" деген бір ауыз Сөзіменен сен секілді ренішімді баспаса, Ренжімеймін ықыласпен құшағына да алмаса Досыменен қатар тұрсам, мені емес досын таңдаса, Ренжімеймін, өкпелемен онысы үшін бәрібір, Сен секілді менің үшін тәуекелге бармаса. Білем әлі қайғылысың, мені ойлаудан танбадың. Мазалайтын сені сұрақ:"мына менде барма мұң?" Мендік мұңның бары жоғы маңызсыз Бәрі де кеш, осы жолды мен өзіме таңдадым.
| |
Просмотров: 818 | |