Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Барма өмірде мағына сүйгеніңсіз
Барма өмірде мағына сүйгеніңсіз.
Қалайша жарық болар әлем күнсіз.
Сезімің көктем болса,сүйгенің гүл.
Құлпырады қалайша көктем гүлсіз.

Кімді сүйгем соншалық ғашық болып?
Армандап,бір көрсем деп асық болып.
Аузы күйген үрлеп ішер дегендейін.
Жүрегімде қалғандай жасық болып.

Сені сүйген екенмін күннен жарық.
Жалыныңа барамын күйіп жанып.
Жаулап алу жаныңды қиын боп тұр.
Тас қамалға кіруден бұзып жарып.

Сені сүйген екенмін айдан нұрлы.
Сені сүйген екенмін арнап жырды.
Тәңірім бір болуды жазбас бізге.
Соны ойлап жүрегім болды мұңды.

Сені сүйген екенмін гүлден сұлу.
Мүмкін емес өзіңді ұмыт қылу.
Қолымнан келетіні жалғыз ғана
Сен де мені түсінер деп үміт қылу.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 835 | Рейтинг: 0.0/0