Махаббат деген бір әлем
Жүректі тербеп,сезімге салып сергелдең. Өзекті өртеп,таң атқызатын қиялмен. Жаралап жанды немесе емдеп беретін. Түсіне білсем махаббат деген бір әлем. Бұл әлем толы ғашық боп қалған жандарға. Бір болып дәйім,бірге жететін арманға. Бұл әлем кейде тозақ отынан қатыгез. Біреуді сүйіп,жете алмай оған қалғанда. Сол бір әлемге өзіңмен ену арманым. Бақыт шыңына келеді бірге самғағым. Қос аққу сынды жарасқан айдын көлінде. Келеді бірге өмірді әрі жалғағым
| |
Просмотров: 1061 | |