Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Бұйырмаған ақ періштем
Айым менің.
Ақ балтыр бұратылған қайыңбедің?
Сағыныш,сары мұңға салар мені.
Кеудемдегі сарқылмас уайымбедің.

Бақ жұлдызым.
Пәк,гүл қызым.
Жатқа айналып кеттің-ау шын.
Жаратылған жан екенсің,
Өзге жанның бағы үшін.

Өтті..
Кетті..
Қайта оралмас ештеме.
Айлы түн де,
Сол бір ғажап кештерде.
Қайта оралмас барлығы да
Не шара?
Баса алмас орыныңды еш пенде.

Сөкпеймін де сені жаным ол үшін.
Жанарымда.
Жадымда алі гүл мүсін.
Шын жүректен саған бақыт тілеймін.
Бұйырмаған ақ періштем,
Жат құсым.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 778 | Рейтинг: 0.0/0