Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Aлқынбашы жүрегім!
Асқаралы шабытыма нұр бітіп, 
Асқар шыңның мұз құрсауын жібітіп,
Аспан асты сиқырымен жанасқан
Ақ сезімді қалғандаймын ұмытып...

Тербелгенде сезімнің толқындары,
Тебіренді төзімнің толқынды әні.
Өзім сездім, ұнаттым, жылаттым деп,
Мендік жүрек алқынып ол тынбады.

Жырақ қалшы жырыңмен, жанарыңмен,
Жылатпашы, жынданып барамын мен.
Жанарыма үңіліп, «ұмыттым»-деп,
Жырақташы ұнатқан адамыңмен.
Абат бақта кезіктім, көз қадалды,
«Ұмытамын»-деген серт босқа қалды.
Жүрегімді жаулады сиқыр сезім,
Мен саяңнан көрсем де басқа адамды.

Алып ұшпа жүрегім, алқынбашы,
Алау сезім отынан салқындашы.
Егер сүйсең шынымен сол адамды,
Бақ тіле де, жай ғана қол бұлғашы.
Алқынбашы жүрегім,
Сәл тыңдашы...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 789 | Рейтинг: 0.0/0