Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 07.07.2025

Бір үзік сыр....
Батпадам...
Жарқыным қимадым.
Хаттарын 
Өткеннің жинадым.
Сен басқан іздерді іздеумен,
Күн ұзақ кеземін үй маңын

Шалғаймыз...
Көңілде көп күдік.
Кешірші,
Қойсам мен күттіріп...
Сәлемді суытып сорлатқан,
Таңым бар.. не деген мықтылық???


Мұңымсың, 
Мен мұңлық мұнармын.
Музамсың...
Көңілді жығар мың.
Сендегі сезімді сезуге,
Лайықты еместе шығармын???
Мазасыз жанымның жаралы,
Сырларын ұғар кім?...

Шаршадым,
Жүрегім жалықты.
Аңсадым,
Алаңсыз қалыпты.
Жанарың шарпытқан шуақтан,
Жүрегім жалындап жаныпты.
Сейілтші түнекті, тамұқты
Жүрегім бәрін де жаңа ұқты....
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 825 | Рейтинг: 0.0/0