Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Жыламауға көнбейді!
Жыламауға көнбейді кқңіл деген,
Нендей күйді күтеді өмір менен?
Айды ысырып, шуақты кунге шалқып,
Қашан күліп, қуанып кқңілденем????

Бітіспес сыр, байланыс өмірменен,
Жырақтайсың қайда алыс өңім менен?
Қоңыр күздей қуарып құлазыған
Қоңыр күйге енеді қыңыр денем...

Жыламаймын, жасымды төкпелемен.
Жауқазын жыр жырақтап кетпе менен
Жауын жүзін нұрыңмен шайып отыр,
Сыздамасы хақ сонда текке денем...

Налымағын кертартпа тағдырыма,
Неғыламын байызсыз жанды мына?
Өткен күннің еш мәнсәз парақтарын...
Жалынды ойға тастаймын жандыруға.

Мәнсіз әлем маңызын таппай келем,
Мен таппасам арине таппайды өлең.
Көлеңкеде көмкеріп адал жырды,
Надандықтың өлеңін жаттай берем.


Алаңында майданның өмір деген,
Талай жорық соңында жеңілген ем,
Сәтсіздікке қасқайып төтеп беріп,
Сәттіліктің қай күні жүзін көрем???

Өмір мәні өлшенер өлімменен,
Мен өлімнен қашамын, өлім менен.
Осы сайыс шегіне жетпей тұрып,
Қашан күліп, қуанып, көңілденем???
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 841 | Рейтинг: 0.0/0