Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Бақытсыз жан екенмін
Шаршадым мен, бәрінен де жалықтым, 
Көп ұзамай мәңгі ұйқыға кетермін. 
Бақытты мен қолдан жасап алыппын, 
Шын мәнінде бақытсыз жан екенмін. 

Тірі жан жоқ келген менен хал сұрап, 
Жүрегімде жара жатыр қансырап. 
Не мақсат жоқ жетелейтін мені алға, 
Әрең жүрмін өзімді-өзім қамшылап. 

Білмеймін, жындануға шақ қалдым ба?! 
Деп ойлаймын бақытсыз шақтарымда. 
Қиындыққа қит етсе шыдай алмай, 
Дайын тұрам о дүниеге аттануға...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 772 | Рейтинг: 0.0/0