Жасым асып барады жиырмадан...
Сананы түрлі ойлар шиырлаған, Көңіл де бір басылмай құйындаған. Өмірде не тындырдым, не бітірдім, Барады жасым асып жиырмадан... Асқанда жасым жаңа жиырмадан, Беретін бар ма, Тағдыр, сыйың маған?! Сыйың жоқ! Сынағың мың! Мендей жанға... бақыты бұл өмірдің бұйырмаған! Күнім жоқ бір Аллаға сыйынбаған, Уайымдап көріп жүр ғой күйімді Анам. Дертке де шыдаймын ғой, бәрінен де, Біреуге масыл болу қиын маған. Жағдайым күннен күнге қиындаған, Ұзаққа бара алмаспын түрім жаман. Қалар-ау зар еңіреп байқұс Анам, Қалар-ау бос қаңырап үйім қараң...
| |
Просмотров: 889 | |