Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Қазан соңы қатал қыстан хат келіп
Қазан соңы қатал қыстан хат келіп,
Қараторғай қалтырайды сап кеміп.
Қара ұл-қызын жіберетін тезекке,
Қайран анам қолымызға қап беріп.

Көрші үйдегі көп балалар көшеде,
Көмірі бар, асық ойнар көш ере.
Кететінбіз қимай – қимай ойынды,
Күбірменен қомп – қомп етіп шешеге.

Сар сақаны келгенімен иiргiм,
Солғын күзде хәлі мүшкіл уйiмнiң.
Солқ – солқ жылап ұзайды екеу ауылдан,
Сор табан боп соқпағымен сиырдың.

Біраздан соң қызу жарыс қарасаң,
Бір жапа үшін апамменен таласам.
Боқ таппасақ боқтаймыз кеп сиырды,
Бітеу болып қалған ба деп қарасан.

Апам ширақ, тез толтырат өз қабын,
Ал, мен жалқау, жіберем тек сөз жағын.
Асығамын, бала күннен намысты ем,
Апамның еш каламаймын озғанын.

Тас тепкілеп қайтатын ек кешқұрым,
Туфлидің бағаламай еш құнын.
Тезек жанып, қайнағанша күрең шай,
Тығыламыз пана қылып пеш түбін.

Сонда анашым жас балаша қуанып,
Сандықтағы кәмпиттерін шығарып.
Сондай ыстық, мейірімді жүзімен,
Салқын күзге салатын ет бұғалык.

Бейкүна кез, балғын дәурен тез өткен,
Бес күнді осы тоқтата алман тежеп мен.
Білмеппін-ау, сол кезде мен балалық
Бірге жанып кеткендігін тезекпен.

Балан күнім ғазиз бастан өткерген,
Бақытымды Құдай қалай көп көрген.
Боқ дүниеден безінгенде кейде осы,
Балалықты аңсап кетем боқ терген.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 824 | Рейтинг: 0.0/0