Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Ғашық жүрек
Мендік сезім, өзге сезім, шын сезім,
Сол сезімге махаббатпен келерсің.
Сезіміме адал болған өзіңе,
Сен де жаным бір күндері сенерсің.

Сезіміңе жауап қатып сезіммен, 
Мендік жүрек сен деп соғар төзіммен.
Төзімменен жүрек сені күтеді,
Сағыныштан моншақ тамып көзімнен.

Мендік жүрек шын сүйеді өзіңді,
Бүгін тағы сағынышпен көз ілді.
Сансыз ойдың тереңіне малынып,
Еске алады сенің әрбір сөзіңді.

Ұғындырдың сүюдің сен не екенін,
Сен арқылы таптым сезім мекенін.
Орын алған жүрегімнің төрінен,
Махаббатым сізді сүйіп өтермін.

Ғашық жүрек дамыл таппай үнемі,
Бір Алладан амандығын тіледі.
Бағындырып махаббаттың шыңдарын,
Екі жанның бірге соқсын жүрегі.

Құрбы-құрдас, бауырларым, достарым,
Мына жалған өте шығар қас-қағым.
Сүйгендерің болса егер жанында,
Қадірін біл, шалыс қадам баспағын.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 789 | Рейтинг: 0.0/0