Сенің көзің...
Сұлулық бар сенің мөлдір көздеріңде, әдемім, Адалдықпен ұштасады нұрға толы әлемің. Жүрегің ақ, көңілің пәк ойлап жүрер жат халін, Даусың сыңғыр өзендей боп көкірекке аққан үн, Бағындырдар әр заманын Арманындай ханзаданың Ертегінің кейіпкері секілдісің, әппағым. Сендей жанды сүю керек, сірә, қызды сүйгесін, Жанарыңды әрқашан да қуаныш бақ билесін. Мөлдір көзің, қолаң шашың, әсем жүзің, о құдай, Бір-біріне лайықтылған құдіретті үйлесім. Сенің сөзің көтереді сәл жабыққан еңсені, Көзқарасың жанды жаулар ұйқысыздық семсері, Талай жанның әз жүрегі қайда екенін сездірген «Сұлулықтың символы» деп атар едім мен сені. Сөзің қандай құшып жанды қытықтайтын жылуы, О, құдірет, болады екен сұлудың да сұлуы. Жаңа шыққан көктемдегі жауқазындай құлпырған Сені көрсе шумақталар ақын бойы жыр тұнған. Жүзің сұлу болса қанша, сонша таза жүрегің, Рухани қазынаң бұл, болар сенің тірегің. Суретшінің шабыты мен қаламгердің жырысың, Алтын тастан соғып қойған мүсіндейін тұрысың, Періштедей сені, мына, сүймеу деген ірі сын, Бұл әлемді көріктілік құтқарады деуші еді, Демек, сен де құтқарушы сұлулардың бірісің. Нұрын шашар саған әсте атқан таң мен батқан күн, Көкіректен жойылады сәл жымисаң шатпақ мұң. Бұл жалғанның әз жолында, мәз жолында бақ тапқын, НАЗданып та, бұл өмірде ЕРКЕлей бер, тәп-тәттім!
| |
Просмотров: 857 | |