Суық күздің жылуы
1. Өмір – дастан,сезіммен арпалысқан. Сүйіп,күйіп,қаншама жан табысқан. Сезімімнің түпкірінен шыққан бір сөз Ғашығыма жетер,шіркін жан дауыстан. 2. Соғады жүрек ,мәңгі лүпіл қағып, Өзіңмен бірге жүрсем жоқты бар-ғып. Махаббат жетегінде өтіп жатыр, Өмір- өзен арнасымен зырғып-ағып. 3. Пәк сезімді жырлайын ақ параққа, Көз қырыңды бұрмашы басқа жаққа. Қызғаныш кейде оттай алаулайды, Ораламын сол сәтте өткен шаққа. 4. Эх...деп бір күрсініп қоя бергін, Кештері соғып тұрған күзгі желдің. Қар аралас қарбалас жауын жауып, Ақ қара бейнесі суық жердің. 5. Тұңғиық көздеріңмен маған бір сәт қарадың, Көңілді жүрдің,бірақ мұңды болды қабағың. Тынысыңнан тәтті арбуз дәмі шығып, Көздеріңмен тіке қарап көздеріме қадалдың. 6. Ұялып, жан-жаққа көздерімді жүгірттім Сыр үніңмен жан жүрегімді жібіттің. Алғаш рет сезе білдім терең оймен Биік шыңды сезімдерін жігіттің. 7. Жылуын шашқан сол күзгі суық, Біртіндеп артта қалды арман қуып. Сыр шертісіп,телефонмен үндескен Ғашық болып қала бердім білместен. 8. Күндер соңына апта мен ай ілесіп, Айымызды жыл санауға тілесіп. Өткіздік біз талай сағат тілін Алыстарда сағынышпен күресіп. 9. Осы таңда сол күннің бәрі елес, Өкінбестей артта қалды сан бір белес. Сағынады ,енді жүрек сені іздейді Тағдырыма сенсіз өмір керек емес. 10. Жылағанда қасымда болып жұбаттың, Ақтарып дүние сырлы жұмбақтың. Бір үмітпен армандарға қол созып, Қиа алмай балдәурен шақ, бұл бақтың. 11. Қорқамын мына өмір жалғандықтан, Сезім,сенім тұрақсыз болғандықтан. Қорқамын алға қарай ұмтылуға, Сенімсіздік ой түбінде қалғандықтан. 12. Тосыны көп күнделікті өмірімнің Түсіне біл нәзіктігін көңілімнің. Жүрегіме реніш салып жаралама Арнаймын сезімнің мөлдірлігін. 13. Түндерімде алдан арман шақырғандай, Сол армандар қиялға бізді батырғандай. Екеуімізді биіктерге жетелеумен, Таң нұрын бізге арнап атырғандай. 14. Алаңдаймын телефонмен сөйлеспесем, Күнделікті бір көрісіп,кездеспесем. Көңілсіз күй кешем,онсыз бәлкім, Сағынудың не екенін білмеспесем? 15. Қайран қалам тылсым күшті дүниеге, Бір жыл толды айымызға бүгін міне. Қайғырсам сен бар жерде тез ұмытам, Сен бар жерде уақытта жоқ түңілуге. 16. Іздеймін бақытымды сезіміңнен, Не екен мына ғажап сезім деген? Екеуміз қала бағын қыдырамыз, Өтіп жатыр студенттік кезім деген.
| |
Просмотров: 853 | |