Саған ессіз ғашық болып қалыппын
Қуанышым болдың менің аңсаған, Дидарыңа қараймын да тамсанам. Жатсам, тұрсам сен ойымнан кетпейсің, Ғашық болып қалдым ба алде мен саған?! Не болғанын түсінбеймін, білмеймін, Саған арнап жыр жазамын түнімен. Сенен басқа мен ешкімді көрмеймін, Ғашық болып қалғаным ба шынымен?! Арасынан мынау күллі халықтың, Іздеп жүрген бақытымды тауыппын. Өзің болдың сол бақыттың негізі, САҒАН ЕССІЗ ҒАШЫҚ БОЛЫП ҚАЛЫППЫН!
| |
Просмотров: 873 | |