Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Емханада
Күңгірт бөлме, темір төсек емхана...
Ұйқы қанып, қарның асқа тойса да, 
Түсіп жатқан науқастарды көргенде, 
Шымшытырық шырмалады ой-сана. 

Сол бір ойлар улап жатыр санамды, 
Жарық дүние болды маған қараңғы. 
Қалай ғана ауырмайды жүрегің, 
Көрген кезде аяғы жоқ адамды. 

Екі аяғы тізесінен кесілген, 
Сол бір адам кетпей қойды есімнен. 
Бұның бәрі сынағы ма тағдырдың, 
Бәлкім бәрі арақ деген кесірден. 

Беделіңе түсіретін қара дақ, 
Әзәзілдің өзі емес пе сол арақ. 
Маскүнем мен сол мүгедек адамның, 
Болашағын айту қиын жобалап. 

Бұ дүниеде денсаулыққа не жетсін, 
Кемтар болсаң, айтшы, кімге керексің?! 
Иманыңды серік қылсаң жаныңа, 
Хақ Тәңірің болар әр кез көмекшің! 

Бұл өмірдің кездері көп сынайтын, 
Басқа түссе бәріне де шыдайсың. 
Күнәсіз пәк адам болмас жалғанда, 
Пендеміз ғой, құлымыз бір Құдайдың.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1071 | Рейтинг: 0.0/0