Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Көздерімнен беймәлім сыр іздеген жігітке
Мен сізден сезімді іздегем,
Жаныма жақын көріп.
Сәби шақ кезімді іздегем,
Оралмас бағым болып.
Төзімсіз төзімді іздегем,
Кеткесін сағым болып.
Сезімсіз сенімді іздегем, 
Сергелдең шағын көріп.
Сарғайған сағым күзбенен,
Жүргенде қаным кеуіп.
Сүрелең жалғыз ізбенен,
Іздеп кеп тауып беріп.
Бақытты мәңгі сізбенен,
Жүректе бөліп беріп.
Дәл сәзден бекер іздемен,
Сескенсем қауіп көріп.
Жырақта жүрсем түзде мен,
Өзгені тәуір көріп.
Бақытты өзге қызбенен,
Жүрмессің жауыр болып.
Тілеймін жаным сізге мен,
Ашылғай бағың-көрік.
Бақытты бәлкім бізбенен,
Тағдырың талқы көріп.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 812 | Рейтинг: 0.0/0