Сен мені теңеме данаға
Сен мені теңеме данаға, Теңеме және де анаға. Аяулы жаныңа балама, Жақсы ісімді санама, Ұғыспай қалған бұл сәтте, Жан - дүнием тартады далаға. Шынайы сезімнің өлеңі Шынымен аяқсыз қала ма?! Қапысыз өтетін өмірде Жолыққын өзіңнің Сараңа! Мен жақты қайтесің,ұмытқын, Ал енді өткенге қарама. Ұмыту,жек қөру дегенің, Сезімге бек қарсы шара ма? Мен лезде ғашық боп қалыппын, Қарамай өзімнің шамама... Шынымен күлкілі көрінер, Және де сыймас еш санаға. Махаббат - қасірет кемесі, Жараны қосатын жараға. Жанарды мекендеп моншақ жас, Жанымның күлкісін алсын мұң. Сүйем деп айта да алмай,рас Дәл осы сәтімде әлсізбін!!!
| |
Просмотров: 717 | |