Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Қоштасудың қиын – ай!
Жүрегімде жалындаған от сезім,
Өрт боп жанып, өзегімді өртеген!
Саған - деген, сезімнің мынау жалыны,
Мұз боп қатқан, көкректі жібіткен!

Тұсай алмай, сезімнің дауыл - екпінін,
Құйын болып, өзіңе қарай беттедім!
Таңғажайып сезімнің киіп – шекпенін,
Ынтық болып, өзіңе талай жеткенмін!

Сағынамын сол бір өткен кездерді,
Айлы – түнді, тек екеуіміз өткізген!
Қауышушы ек - күздегі жауған жаңбырда,
Елемеуші едік - қыстыңда суық желдерін!

Отырушы едік – қиялменен көкке ұшып,
Қарсы алушы ек – бозарып атқан таңдарды!
Құлай сүйіп, өзіңді ғана жырлаппын,
Амалым қанша, көкейде мұңды күй - тұнды!

Басыма қонған, бағыма сені балаушы ем,
Кете бардың, тағдырдың жазған жолымен!
Сенсіз өткен күндерімде көбейіп,
Айсыз түндер, жалғыздықта меңзеткен!

Сағыныштан - отырмын тағы жыр жазып,
Уақыт өтер, тек көңілде мұң қалды!
Мендегі сезім, ақ қағазға із – салып,
Өткен күнді, армандаумен жырлады!

Қош бол!... 
Қош бол – сәулем!
Бәлкім - біздер кездесерміз,
Бірақ сезім оралмайды, қинайды! 
Тек өзіңді, әнге қосып жырлайды!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 984 | Рейтинг: 0.0/0