Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 09.04.2026

Алда әлі
Алда әлі...
Бәрі де алда жаным,
Бір өзіңсің өмірде таңдағаным.
Сағынышқа малынған мұңды жырлар,
Хат арқылы өзіңе жолдағаным!

Алда әлі...
Бақытты күндеріміз,
Жайқалады теретін гүлдеріміз.
Көкжиекпен жалғасқан көк аспанда,
Тоғысады әлі де үндеріміз!

Алда әлі...
Өмірдің қызықтары,
Тас қамалдың кетерміз бұзып бәрін.
Еңселі арманымды шарықтатып,
Мен сенің қылығыңды қызықтадым!

Алда әлі...
Қуанып шаттанасың,
Өмірдің ажыратып ақ қарасын.
қай шетінде жүрсен де материктің,
Сен мәңгіге есімде сақталасын!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 845 | Рейтинг: 0.0/0