Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Жас сұлу қыз көздерінде мұңы бар
Жас сұлу қыз көздерінде мұңы бар,
Жанарында жанға айталмас сыры бар.
Алыс арман ақ қиялы жетелеп,
Айын күткен аспандағы күн шығар.

Кеше күтті келем деген ол кеше,
Күте берді күн үйіне кіргенше.
Тәтті қиял ақ арманын медет қып,
Күте бермек сол сүйгені келгенше.

Тағы күтті күн сәулесі өшкенше,
Күтті тағы сенімі мен бар үміті біткенше.
Қия алмады жамандыққа сүйгенін,
Бірақ басқа амалы жоқ сенбеске.

Мұңға толып қарақаттай жанары,
Ойға шомып іші от боп жанады.
Сүйгені үшін жан тәнімен шын құлай,
Беріп еді асыл затын бағалы.

Алданыпты абыройсыз қалыпты,
Керек емес көруді енді жарықты.
құрсыншы өмір сол күніме лағнет деп,
Өзін-өзі өлтіріп қол салыпты.

Жас жалын от маздай алмай тез сөнді,
Пәк періште жас қызбенен жерленді.
Өкінгенмен өксігенмен не шара,
Бітті бәрі баска амал жоқ кеш енді.

Бітті бәрі сыртың жалын болсадағы ішің дерт,
Бәрі бітті соқпайды енді қос жүрек.
Отап кетті талай пенде ғұмырын,
Бір сәттік қана арсыз ләззәт алам деп.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 815 | Рейтинг: 0.0/0