Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 25.06.2025

Айтылмаған сезiм
Сезiм гүлi бүршiк жарып гүл атқанда.
Аспанмен таласып еңкейiп күн батқанда. 
Сағыныш болып келдiн ғой көз алдыма.
Тулап соқты жүрегiм жай жатқанда.
Бала кезден ғашық едiм мен саған.
Қиялдап өзiң жайлы аңсағам.
Қанша жүрегiмдi жаулап алсаңда.
Қол жетпес арман болдың сен маған.
Күнде көрем тереземнен сенi өткенде. 
Төзiмiм таусылады сенi ұзак күткенде.
Жолда сен кеткенде көз алмаймын.
Мұңайып қалам сен үйiне жеткенде.
Түнде түсiме жиi сен кiресiн.
Менiмен қол ұстасып ұзак жүресiн.
Мұның бәрi түс екeнiн.
Оянғанда ғана санам түсiнесiң.
Дүрсiлдеп жүрегiм соғады суретiңе қарасам.
Дамыл жоқ жүрегiме сенi ойласам.
Назданып тұрғанына елжiреп тұла бойым.
Тосып сенi бiраз ғана сырлассам.
Қарамай қинадын сен менi.
Көрiнгеннен қызғанамын мен сенi.
Бойымда тұнған мөлдiр сезiммен.
Жүрегiм қалайды тек сенi.
Саған деген махаббатым жауапсыз қалдыма.
Арманым боп келерсiң көз алдыма.
Аққудай жүзерсiң махаббат айдынында.
Жабырқап көңiл жүрекке мұң салдыма.
Саған сөз айтуға бата алмадым.
Сенi ойламай жата алмадым.
Сенде сезбедiн сүйгенiмдi.
Сүйгенiмдi менде жеткiзе алмадым.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 770 | Рейтинг: 0.0/0