Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Абыройлы жан едің...
Абыройлы жан едің ,қолым жетпес...
Жұлдызысын еліннің, ойдан кетпес.
Саған ғашық талай жан, бақыттысың
Білсен деймін меніде, бақыт құсым.

Білсен деймін меніде, танып жақын,
Бар екенің бұл өмірде, ғашық ақын.
Бар екенің ақынның саған арнап,
Өлең жазып, жыр жазып жүрген жайнап.

Көргенде теледидар алдынан мен,
Кетемін бал -бұл жанып, қаным қайнап.
Неткен жан едің сен, арайлы күн,
Армандаймын біздерде болса айлы түн .

Көп саламын суретінді, қағазды ақ,
Тауысамын беттерін, деп қонарма бақ.?!
Армансын, жұлдызсын сен, бір жан үшін,
Бір жан деген мен едім білермісін.

Атақтысын, абыройлы жан едін сен,
Көп аузымнан айтып жүрер, ән едін сен.
Кей кезде сұрақ қойып, арман ба деп?
Жетпейтін қолым жетпес, жалған ба деп?!

Қайтемін ақымақтай ғашық болып,
Жүрген мына жүрегім қалмас солып.
Мейлі жүрсемде өзімді алдап,
Абыройлы жансын сен, алған арбап!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 938 | Рейтинг: 0.0/0