Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Марқакөлге
Жаңылмаспын, ертегідей күнімді, десем бүгінгі.
Ару қызды елестетем көрсем гүліңді.
Сұлулықты суреттеген табиғатың-ай
Қалай елге жеткізем әсемдігіңді?

Сені айтып, бір шығам көкке мен де,
Сынық сырға көкейім жетпегенде.
Жер ұйықты іздеген Асан қайғы
Марқакөлге бір келіп кетпеген бе?

Қайтем сұлуларыңды тұрса қайыңдай.
Мінездері биязы сыр самалындай.
Тау мінезді ұлдарың қайыспайтұғын
Өзіңде өскен тіп-тік боп шыршаларыңдай.

Табиғаттың тамаша таңбасына,
Таң қаламын
Балы мен тал қасында.
Жер ананың мөлдіреген жанары етіп
Марқакөлді сақтапты тау басында.

Сенде тудым, байладың бақты басыма.
Ойға шомып отырмын ақ нұр астында.
Жыл, он екі ай келгенде көзің болсын деп
Қимастықпен масаңа шақтырасың ба?

Қалай енді кетермін жырға бөленбей.
Баласындай алдында тұрдым төмендей.
Мен келгеннен жауыны тұрды моншақтап
Енді қашан келесің, ұлым дегендей?

* Иә, иә!ол ғашықтық, шынымен*

Мен өзімнен бір өзгеріс сезінем,
Иә, иә! ол ғашықтық, шынымен.
Осы күннің бір туарын біліп ем.
Жүрегімнен сезім оты өшпесе
Бұл өмірден неге ендеше түңілем?

Селт еткізіп сезім отын байқаған,
Ақ парақты ақтарамын қайтадан.
Кеудемдегі сезім енді жанбас деп
Жүрген күннің еселерін қайтарам!

Сезім оты қайтадан жылтылдады,
Жанса бұрын, шағымын кім тыңдады?
Үміттердің сәулесі жарық қазір
Жанып қалар бұл жолы мүмкін бағы?

Алыстап та бара жатыр күйінген,
Күндер міне, жақсылықты сүйінгем.
Ашу, ызаның, айқайлардың біразы
Сабырлықтың шытына кеп түйілген
***
Үнсіздікті жамылып иыгыма,
Қарашаның түнінде, қарайлап мен....
Сенің сұлу көзіңнің қиығында 
Алма гулді суреттеп, арай бақпен 
Жалғыз ғана отырмын сені ойлаумен......

Айға қарап сыр шертіп, сені көріп,
Елесіммен өзіңді құшқым келіп
Кеудемдегі сағыныш демі жеңіп
Жүрегіммен отырмын ұшқын өріп
Жалгыз гана отырмын сени ойлаумен..
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 734 | Рейтинг: 0.0/0