Сағынамын секунд санап отырам
Сағынамын секунд санап отырам, Сезіміңнің жылу алам отынан. Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді, Сөзің – бұлақ, күлкің – бал татыған. Сенсіз енді түнді қалай батырам? Сенсіз енді таңды қалай атырам? Сөздеріңе ғашық болам жүрекпен. Сенің ғана сезіміңе сатылам. Сағат соғып жатыр санап уақытын, Сенсің - менің құлай сүйген бақытым. Сапасымен өлшенетін түк емес Сендік жолда алтын, күміс, жақұтың. Сырымды ашқам саған ғана жасырын. Сенсіз мүлде келмей қалды тасығым. Сүрінбеспін өзің барда жанымда, Сенсің - менің алшы асығым. Сағынамын секунд санап отырам, Сырымды ұққын жазған сезім хатынан. Сеніменен жас жаныма жаз сыйлап, Сеніменен қыс әкеліп қатырам. Сағынышым, сен маған егіз бе едің? Сарылумен тек сені неге іздедім? Сені ойлап шабытым шырқау шекте, Соғып жатыр жүрекпен теңіз демім. Сазымсың - жаным салып орындайтын, Сағымсың - көзім мүлде арылмайтын. Сезімсің – ерігіме бағынбайтын. Сенімсің – абыржытып сарылмайтын. Сөзімсің – теңеуімен жазылмайтын. Соңымсың – енді ешкімге тағылмайтын. Сырымсың – көпке айтып жарылмайтын, Сынымсың – тура жолға бағымдайтын. Суымсың – ойға қарай ағылмайтын, Сулусың – мына әлемде табылмайтын. Сағынамын секунд санап отырам, Сені көріп сулулықты оқығам. Сырымды айтып, сазымды айтып өзіңе Санамдағы артық ойдан арылам. Сағынамын секунд санап отырам, Сезіміңнің жылу алам отынан. Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді, Сөзің – бұлақ, күлкің – бал татыған. Сағынамын секунд санап отырам...
| |
| Просмотров: 820 | |