Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 04.04.2026

Шын сүйемін...
Сені сүйдім әппақ арман тілекпен.
Шынайы шын сезіммен, жүрекпен.
Өмір бойы сақтап өтем жүректе,
Ғашық қылған махаббатта жоқ өкпем.

Сәт сайын саған қарай асығамын.
Сен едің жалғандығы асыл әнім.
Сені сүйіп, сезім дәмін татқаннан соң,
Арнаға сыймай, өзен боп тасығанмын.

Саған деген шегі жоқ махаббаттың.
Сені сүйем, өмірден сені таптым.
Қалай сүймейм, жүрегім от боп барат,
Өшпейтін сезім отын өзің жақтың.

Тағы сүйем, өзіңді тағыда мен.
Серік едің жалғыз ғана жаныма сен.
Басқа емес, сен керексің бұл өмірде,
Осы айтқан, шын сүйген сөзіме сен...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1085 | Рейтинг: 0.0/0