Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Ғашықпын әлі сол жанға...
Мәңгілік жастық шағымның,
Жырлы әлеміне мен малындым.
Бақыт пен байлық денсаулық
Қалауы болды жанымның 

Қалдырып ізін көңілде,
Өтуде бейқам өмірде.
Бойжеткен қыздар кешегі,
ана ғой асыл бүгінде.

Оқушы едік ол кезде,
Беймәлім бәрі тек бізге.
Оянған еді бір сезім,
Сағыныш толы сол күзде.

ұнады маған бір жігіт,
Көңілде жырлы сыр тұнып.
Ол кезде бала, жастық шақ,
Қалушы едік сыр бүгіп.

Сырласып түнгі даламен,
Аспаннан жұлдыз санап ем.
Сезімге толы жанымды,
Бақытқа мәңгі балап ем.

Жылдарым өтті, мен кеттім.
Ұмытуды өны жөн көрдім.
Ол болса қалды елінде,
Жігіті еді сол жердің.

Ауылға келдім асығып,
Сағыныш жүрек басылып.
Бірақ та жаным іздейді,
Сол жанды кейде бас ұрып.

Малынғаммен жақұтқа,
Көңіңім толмай шаттыққа.
Жүрмін ғой әлі мұңайып,
Жете алмай алыс бақытқа.

Біте ме жанның қалауы?
Сезімнің өшпей алауы
Есіне түскен жүрегім
Жазады мұңды жыр әлі.

Он жылда өтті бұл күні,
Жүректің шықпай сырлы үні.
Осылай мендік жүректің
ашылмай кетті бір гүлі!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 731 | Рейтинг: 0.0/0