Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Дауысың көңілді
Дауысың көңілді,
Өмірің шуақты көрінді.
Салқындау сәлеммен қоштастың,
Өңіңді өзгертпей.
ойымнан ұялдым,
Сен қалай сезімге сия алдың?
Ішімде улыған қызғаныш
Мен қалай қызғанбай тұрамын?
Сезімді жасырып,
айта алмай мен қалдым.
Ішімді өртейді
Мендегі ғашықтық сезімі.
Күтіп мен жүрмін ғой
Неліктен хабарсыз сен қалдың?
Жүректі кернейді,
Саз әуен сәндейді.
Қаталдық мінезді таныттың,
Түкті де сезінбей,
мен сені ұнаттым,
Не себеп осынша кинадың?
Махаббат киносы бізге алыс
Екен деп тандарды атырдым.
Ішіме сыймайды,
Жүрегім жылайды.
Махаббат жауапсыз деп ұқтым
Сезімнен сескенбей.
Жолыңа тұрмадым
Қалайша кетуге шыдадың?
Көңілде аздаған қорқыныш
Тәубеге өзімді шақырдым.
Ғашықтық секілді,
Шыдадым соған да мен енді.
Тілімді түсінбей, ұқпадың,
Өзіңді кемітпей.
Қолыңнан ұстадым
Қалай сен сабырлы тұра алдың?
Көкірек тұншығып,
Сыздасын мейлі шыдадым.
Аялап өмірді,
Жастық шақ кезіңді.
Сен қалай бағалай алмадың?
Мендегі сезімді.
Күн сайын ойладым
Қалайша өзгеге қия алдың?
Қаларсың өкініп,
Ертеңді неліктен
Есепке алмадың?
Мендегі сарғайған сағыныш
Неліктен осынша қиналдым?
Жыр жазып мұңайдым.
Ашылмай қабағым
Сыздаған жүректі
Осылай жұбаттым!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 734 | Рейтинг: 0.0/0