Жолықпашы, қайтадан кезікпеші!
Мазамды алған сен неткен жансын, Менің үшін сен енді еткен жансың. Жолықпашы қайтадан кезікпеші, Су себілген жүрегім отпен жансын. Кезіксең де күлімдеп қарай көрме, Шертіп сезім лүпілін санай көрме. Өткен күндер ойыңа оралса да, Жақындама,маған қарай елме. Кезіксең де тайдыршы жанарыңды, Үндемеші,тауыссаң да амалыңды. Білемін ғой бірақ та үнсіз жүріп, Жүрегіме жара сен саларыңды. Сені сүю білемін сорым менің, Ұшқын сыйлап жылт етіп көрінгенің. Екеуміз түсінбедік бұл сезімнен, Кім жеңгенін,ал кімнің жеңілгенін. Кезікпе енді,жанымнан алшақта, Сезімнен біздер жалындай болып жансақта. Жүректерде мәңгілікке қалсақта, Амал не жаным, сен менен енді алшақта!
| |
Просмотров: 794 | |