Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Жүрегіме қан құйылған секілденіп
Жүрегіме қан құйылған секілденіп,
Кеудемді толтырды кеп қанды мұңға.
Жанымда жанашырым деп ем сенсің,
Көнбедің тағдырымның ауырына.
Түсініп, жағдайыңа көніп келген,
Бейкүнә жүрегімде бар ма кінә.
Бәріне мені тағы кінәладың,
«Ақсақтығым үшін» деп бетке баса.
Шын сүйдім, сүйдім сені жүрекпен шын,
Сыбырлауда қазір де сол мұңды үн.
Айқайлап жер жүзіне айта алсам да,
Сенбейсің сүйгеніме жүрегімнің.
Арман ет, 
Үй болып, мәңгі бірге болам деген, 
Көкке ұшты жалғыз аққу секілденіп.
Достарың сыйлап сені жүре алмаса,
Сол үшін сен озіңе тұра алмасаң,
Достарың не десе де көніп жүріп,
Солардың сөздеріне құлақ салсаң,
Ал мені сен мүлде елемесең,
Шын сүйген жүрегіме сене алмасаң,
Қырсықтық, еркелікке көне алмасаң,
Не керек сонда бізге бірге болған.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 842 | Рейтинг: 0.0/0