Жыласаң жетер
Ғашықтық жәйлы сыр атып барам, Қызғанышыммен жылатыпта алам... Күн сайын саған жынданып жүріп, Күн сайын сені ұнатып қалам. Болсада бұрын басымда бүлік, Танытқан жансың жасыңда қылық. Сезімді бұндай көрмеп ем мүлде, Сағынам қатты...қасың да тұрып. Төгеді кеудем жақұт үндерін, Білседе бәрін уақыт емдерін. Жанымнан менің жырақтай көрме, Бұйырған басқа бақытым менің. Жүргем жоқ жылай жиып бала мұң, Тұрсада тағдыр түйіп қабағын. Өзіңе шексіз ғашық боп жүріп, Өмірді бірге сүйіп барамын. Болғасын желік шақтарым желеу, Өткен күндерді даттадым дереу. Сұлулығыңа сұқтана қарап, Ай мүсініңе таппадым теңеу. Тұрғандай серпіп көрім тұяқты, Кеудемнен шерлі керім күй ақты. Азапты күнде ажырар болсақ, Өзіңсіз өмір өлім сияқты... Жанардан жәйсыз сыр ақтарамын, Жаныңнан жұмақ тұрақ табамын. Шынайы саған сезімнен шығар, Еркек басыммен жылапта аламын. Көңілден кірбің сұраса кетер, Жетім жүрегім құласа бетер. Сен мені қатты сүйетін болсаң, Жаназамды шығарған күні... Жыласаң жетер... Орал қаласы. Ақпан айы.
| |
Просмотров: 727 | |