Құрбыма...
Жыламашы, бағың сенің, табылады, Шырағың әлі талай жағылады, Сұлусың, сүйген жігіт ағылады, Бір күні саған үкі тағылады. Қайтесің, өмір заңы шыдатпайды, Сен сүйгенмен, ол былай бұлғақтайды, Махаббат саған тым кеш кездеседі, Жүрегің «Сен» дегенді ұнатпайды. Сүйгенің мезгілсіз ғой, білесің бе? Махаббат мықты ма екен күресуге?! Сен боссың, бірақ оның отбасы бар Ол бақыт, бақыт емес ілесуге! Сезімнің шатаспайтын шағы болар, Ол жігіт өзге қыздың бағы болар, Бір күні оны сүйген ер жігіттің Бұл құрбым ең бақытты жары болар! Ер сүйсің, ең дұрысы, ауыздысы, Саған жетер ондағы қауыз күші, Қыз бала бауыр басып көндігеді, Суйгенді сүй, бұл өмірдің маңыздысы!
| |
Просмотров: 880 | |