Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Қуаныш жасы
Лезде зулап өтіп жатыр бұл шақтар,
Сол шақтардың ішінде де бір шақ бар,
Ол қайғы мен қуаныштың белгісі
Көзден тамған эмоциялық моншақтар.

Жас дегенін кейде іштен тынады,
Тамшыларға бітпес өмір сынағы,
Сол тамшылар ағып бара жатқанда
Тебіренген ерекше күй тұрады.

Қараңдаршы, қандай сұлу тамшылар, 
Тамшылардың бір құпиясы бар шығар?!
Қараңдаршы, сондай ащы жас емес,
Көзден аққан , бәлкім, тәтті бал шығар???

Жас тыйылар, күлкі келер қас-қағым,
Жас тамшысы әкелмесін басқа мұң.
Бақыт сәті көзден таса кетпесін
Қуаныштан шыға берсін жастарың!!!

Бірақ...
Мен сүйдім, сен де сүйдің,
бірағы бар,
Бұл елдің «неге» деген
сұрағы бар,
Себебін білесің бе? 
Өйткені бұл - 
Махаббаттың жолы тар, жырағы бар!

Сен күттің, мен келмедім, 
бірағы бар,
Оның да жауабы мен 
сұрағы бар,
Келмедім, намыс-арым, 
жібермеді, 
Біреудің құлағымда 
жылауы бар.

Жылатпа, көз-жасы 
көл ағылар,
Оны сүй, сүйген жанның 
бұлағы бар,
Өзгені бақытсыз ғып 
бақ қонбайды
Күнәнің қайта келер 
сұрауы бар!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 772 | Рейтинг: 0.0/0