Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Басқа жанға баланып өмір өтер...
Мен отырмын кешегі күнді ойлап,
Қош айтыстым өзіңмен сөзді байлап.
Ақ жүзіңді соңғы рет сүйдім-дағы
Үзіп кеттің үмітті жаным жайлап.

Қоштасарда қадала қарай бердің,
Алыстамай, соңғы рет жақын келдің.
Демім шықпай, көз жасым тамшы болып
Жан сырымды айта алмай қала бердім.

Сеземін мен, сен де іштей қиналасың,
Менсіз қалай дүниеге сыя аласың.
Жаутаңдайды көздерің мөлдіреген
Болғандаймын мен сенің қия алмасын.

Кезегімен күндерім өте берер,
Өзің жайлы ойым да болар бекер.
Салғанына тағдырдың көнеміз де
Басқа жанға баланып өмір өтер.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 799 | Рейтинг: 0.0/0