Мен қазақтың ең бақытты қызымын
Берілемін қиял менен арманға, Бақыт тілеп күллі ғашық жандарға. Айтшы, Жаным, осынау бір жалғанда, Менен асқан бақытты бір жан бар ма? Бақыттымын, ғашықпын мен себебі, Қажеті не бұдан асқан бақыттың. Қайта-қайта айта бергім келеді, Ғашықпын мен, бір өзіңе ғашықпын! Сенсің менің бақытымның негізі, Сенсің ғашық жүрегімнің егізі. Сенсің менің құанышым, қызығым, Мен қазақтың ең бақытты қызымын!
| |
Просмотров: 927 | |