СҮЙГЕН ЖҮРЕК
Жаным, күнім, айым, жарық жұлдызым. Өзің жоқта түнмен бірдей күндізім. мендік мына сағыныштың дәптері, Қашан бітер деп іздеді жолды ұзын. Ақ періштем, аппақ жүзің ақ гүлім, саған берем барлық өмір шаттығын. Кеудеңдегі жұдырықтай жүректің, білем гүлім маған деген пәктігін. Мұң қайғылар басқан таңды атырдың, кеудеме гүл, жүрекке нұр шақырдың. сен толтырған мөлдір тұнық теңізде, Ақ сезімге сүңгіп бара жатырмын. Сенсіз мені қарсы алғандай шер бөтен, бұрын соңды мен мұндайды көрмеп ем. Қолдан келсе әлемнің шат күлкісін, Бақ құсы қып басыңа әкеп тербетем!!!
| |
Просмотров: 795 | |