Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Ұмытпа
Мен ұстаған қолыңды ұстатпа сен ешкімге,
Мен сүйген бал ерініңді басқа жанға сүйгізбе!
Суық күні құшақтап ешкімді сен жылытпа,
Ойлап жүрші әрқашан, мені ешқашан ұмытпа!

Жүрегіме есімің ұмытылмастай тізілген,
"Қайта оралар",- деген үміт жалғанбастай үзілген.
Маған деген сағынышың көрініп тұр жүзіңнен,
Әлі сүйетініңді айтып жүрсің көзіңмен.

Санаңнан мені өшірсеңде жүрегіңде қалармын,
Сүйсеңде өзге жанды сен үшін ән салармын.
Ұмытайын десемде жүрегім менің көнбейді,
Иісіңді сағынып, көздерім сені іздейді.

Махаббат өлген, от сезім енді жоқ,
Бағымдағы раушан гүлім қалуда сенсіз солып.
Сенен айырылғалы менде өзгеріс көп,
Түрлі жаман қылықтарға барамын әуес боп.

Ұмытпа енді бақытты күндерді,
Ұмытпа, жаным, "сүйем" деген сөздерді.
Ұмытылмасын саған арнаған әндерім,
Ұмытылмаспын, ойлаумен өтсін түндерің.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 789 | Рейтинг: 0.0/0