Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Күйзеліс
Кіршіксіз пәк көңіліме 
бес баттан боп кір сіңген. 
Өкпелеп мен өміріме 
талай рет күрсінгем. 
Жан дүниемді түсінетін 
тірі жан жоқ жалғанда, 
Өксіп-өксіп жылап алам 
уйде жалғыз қалғанда. 
Қиналғанмен амал нешік, 
шарасызбын, қайтейін, 
Мақсатыма жетпей, сірә, 
кетер ме екем арманда. 
Он жеті-ак жыл ғұмыр кештім, 
не жақсылық көргенім?! 
Бұл қорлыққа төзгенімше, 
артық еді-ау өлгенім! 
Өле алмаймын, себебі өмір 
екі айналып келмейді. 
Арам ойлар санамды улап 
маған маза бермейді. 
Өмір маған: "Тек берілме! 
Есіңді жи!"-дегенмен, 
Өлім маған қолын сілтеп: 
"Бәрі бітті! Өл!"- дейді. 
Өмір, шіркін, уақытша ғой, 
Өлім болса - мәңгілік. 
Тығырықтан шыға алмаған 
мен бір жүрген әңгүдік. 
Жасасам ба мен бір ерлік 
дүйім жұртты таң қылып. 
Бірақ өлім ерлік емес, 
Өлім деген - заңдылық!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 849 | Рейтинг: 0.0/0