Бір үзік сыр жетегінде
............Бір үзік сыр жетегінде......... ..Кете бардым бір үзік сыр жетегінде, Өмірден дәл осылай өтемінбе?.. Тұңғиықтан алынған сырларым көп, Қашанғы сақтап өтем білемінбе?.. Өмірден бірнеше рет таяқ жедім, Бақытым қайсы екен, барма менің? Қара қазандай өкпем бар мына өмірге, Жайайын бар сырымды бір сәт дедім. Дегенмен шүкіршілік бір Аллаға, Ризамын өмір берген мына Аллама. Қанағатсыз қарның тоймас дегенде бар, Қанағат қылам қолдағының барына. Өмір деген бұл Алланың сынағы. Жастардың өз қолында болашағы. АллаҺым маңдайына солай жазса, Адамдардың тағдырға барма амалы? Жүрегімнің түкпірінде бір үзік сыр, Сондықтан жаза берем шабытпен жыр. Бірақ мен, бар сырымды жаза алмаймын, Жаралардың ескі орнын қаза алмаймын, Сақталып қалардай боп,сырларым тұр. Өткір ойлы ақының мен емеспін, Алдымдағы ақын жан сен де демессің! Көкейіме келгеннен ұйқас құрап, Ақындардың бұрынғы күйін кештім! Тебіреніс үстінде көп толғанам, Жаратқаннан қолдашы деп сұранам. Бір үзік сыр жетегінде кете бардым, Не болып барады екен,ей, бұл ғалам. Жүрегімде бір үзік сыр сақталған, Бар үмітім ой түбінен ақталған. Өлеңімді өзіме серік қылдым, Осы өлеңім жанымдағы бақ маған..!
| |
Просмотров: 832 | |