Жауынды күн
Жауынды күн, оңаша отырарсың, Өткен күнге сол бір сәт ораларсың. Сүйгеніңнен адастырған тағдыр ісің Көк аспандай күңіреңіп кінәларсың Кінәлама ешкімдерді, жылама да, Өкінгенмен жас күнің орала ма? Жаралама жаныңды, жазалама Өткеніне қарайлап көп, мазалама. Өзендейін тасқындап өте шыққан, Пәк сезімді аңсаумен күн өткерме. Жаралыпты бұл жалған қара-ақтан Өмір барда, өкінбе, өкпелеме. Жігітім-ау, қайдасың, қайда кеттің, Іздеймін деп, қызым-ау, қайда жеттің. Бір үзілген үмітті жалғау қиын Шын сүйгеннің бал бағын пана еткің. Сені сүйген намысты, арлы жанға, Арнасайшы барыңды, бар ғұмырды. Бағалашы, аялап алақанда Жары болып, күн кешші, сен сабырлы. Ұмыт деуім өткенді қате болар, Сүйген дәурен жүректе мәңгі қалар. Ұмытпассың, тек жиі ойға алма Көз жасыңнан құрғасын екі жанар
| |
Просмотров: 823 | |