Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Сен мені іздеші
Көңілде сезім жоқ, бар сағым,
Көрмеппін көзімді құрғатып
Мен сені іздеуден шаршадым,
Сен мені іздеші бір уақыт.

Жанымды жаулады алып мұң,
Қонар ма бізге де бір бақыт?!
Мен сені құр ойлап жалықтым,
Сен мені ойлашы бір уақыт.

Өмірдің мәні де жоқ, ботам,
Егер сен болмасаң тіреуім.
Көп хаттар жазуды тоқтатам,
Оқышы тек қана біреуін.

Бекерге күшімді салыппын,
Табам деп бақ құсын өзіңдей.
Ұйқысыз түндерден зарықтым,
Мені ойлап, сен көрші көз ілмей.

Жанымның жайқалмас терегі,
Сезімнің таппасам бір емін.
Мен сені жек көргім келеді,
Әттең-ай, көнбейді жүрегім.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 800 | Рейтинг: 0.0/0