Арнау
Жүргенде тіршіліктің қамыменен, Нағашым себепші ғой алдыменен. Көрген соң бір өзіңді – ойланыпты, Жарнамаға меніде қолданыпты! Арадағы көпір секілденіп, Сеніменен таныстыруды, қолға алыпты! Осылайша – таныстық біз екеуміз, Нағашым өзгеше бір із салыпты! Есімің өзгешелеу басқалардан, Секілді өзгелерден дара туған! Қандай ғана анадан тудың екен, Өзіңе арнамақпын жаңа бір ән! Көрмесемде ұқсатам ай – нұрына, Шуағын шашатұғын айналаға. Ұқсайсың түнде шығар жұлдызға да, Қара түнек бұларсыз, сән болар ма! Бұлбұл да ән - салады жөніменен, Табиғат құлпырғандай соныменен. Құлағымнан кетпей тұр үнің – сенің, Өзгеше күйге түстім, бүгінде мен! Жел соқса иілгендей - тал бұтағы, Күлкіңді елестетем – жан шуағы! Көкөйде қаларсың сен осылайша, Жырыма арқау болдың, бүгін жайлы.
| |
Просмотров: 855 | |