Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Жұлдыз
Ерекше нұрға, бөлер жан-жағында,
Жарқыратып, сәуле шаштың айналаға!
Қарағанда, бір өзіңнен көз алмаймыз,
О Тәңірім! Жұлдызымыз, күн нұрынан жаралған ба!?

Құлпырған тал бойыңда, бір мінің жоқ,
Тәңірім, мінсіздікпен жаратқан ба!?
Қарай-қарай бір өзіңе, ғашық болған,
Жігіттердің - жүрегін ауырттың ба!?

Теңеймін мен өзіңді – қыр гүліне,
Өйткені, жұла алмас ешбір пенде!
Айналаңа жұпар шашып – өскен кезде,
Гүлденер, тау-таспенен, шөлдеріңде!

Теңеймін мен өзіңді – аққуға да,
Айналған махаббаттың жаршысына!
Тең келмес, сымбат - мүсін басқаларға,
Аққулардай - сұлулықты жиған бойға!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 750 | Рейтинг: 0.0/0