Сүйдім сені
Сүйдім сені, сезімді биік ту еттім. Құлпын аштым сен үшін деп жүректің. Бағаламай бақыттың кәусәр тұнығын, Ақша бұлттай селдетіп көзді сен кеттің. Көрдім сені өзге жанның қолында. Осы болар басқа біткен сорым да! Мәңгілікке бақыт таңын көрместей, Адастым ба махаббаттың жолында?! Ұмыттым сені, жүрек қатты жаралы. Жоғалттым мен жақұтымды бағалы. Қалайтыным, сезімі ояу жандардың, Болса екен көзі ашық, саналы!
| |
Просмотров: 761 | |