Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Сынған ыдыс пен сынған жүрек
Сынған ыдыс бақыттың белгісі ме?
Не болмаса, дәстүрлі үрдісі ме?!
Сынбасын де жүрегің, сынса егер
Айналады қайғының белдісіне.
Сына берсін ыдысың толығар мың,
Ештене емес ол үшін торығаның,
Сезім – жүрек сынбасын, білмейсің ғой,
Тағы қандай жүректің жолығарын.
Бүтін жүрек бәрінен жылы бірақ,
Бөлшектеуді сүймейді түбі бірақ,
Байқаусызда сынып ол қалмасын тек,
Құрастыру қайтадан қиынырақ!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 888 | Рейтинг: 0.0/0