Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Бала ғашық
Махаббатқа мастанып бала ғашық, 
Сен де әйтеуір болмайсың жағаласып. 
Екеумізде екі жол, екі тағдыр, 
Ай мен кундей тым алыс арақашық. 

Түсінем, сені жақсы түсінемін, 
(Түсінгесін тақпаймын ісіңе мін.)
Сені маған, ал мені өзге жанға, 
Сонша ғашық қылардай күші ненің?! 

Шексіз жақсы көремін дейсің мені, 
Мен де сендей ғашықпын сол адамға. 
Саған үлкен бақытты сыйлағанмен, 
Ал өзім ше, бақытты бола алам ба?!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 929 | Рейтинг: 0.0/0