Жалғыздық
Ғаламторда замандас құрдасым көп, Кұрдасым көп, сырласым, мұңдасым көп. Бірақ бәрі жан-жақта, тым алыста, Ал шынайы өмірде бір досым жоқ. Бұған бәлкім кінәлі өзім шығар, Өзім шығар, шүбәлі сөзім шығар. Өзгелерге беймәлім, түсініксіз, Мендегі сол түйсік пен сезім шығар. Құдай-ау, жалғыз болған қандай жаман, Таң қалып тағдырыма таңдай қағам. Достардың демеуісіз өмірім де, Қиын боп көрінеді сондай маған. Жанымды мазалайды жалғыз сұрақ: Қашанғы жүрем өстіп жалғызсырап. Құлымын жалғыздықтың, сонда-дағы, Үмітім сөнбейтұғын жалғыз шырақ.
| |
Просмотров: 885 | |